Дзюдо

Ерлан Серікжанов Masters турнирінде жетінші орын алды

Ерлан Серікжанов Masters турнирінде жетінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов Дохада өтіп жатқан әлемдік Masters турнирінде жетінші орынға тұрақтады.

Жарыстың алғашқ күнінде 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен ол жұбаныш белдесуіне қарсыласына жол берді.

"Вазари" ұпайын еншілеп, Серікжанов белдесуді әтті бастады. Алайда, күрес барысында Грузия балуаны Важа Маргвелашвили иппон ұпайымен отандасымызды таза жеңді.

Осылайша, әлемдік Masters додасының алғашқы күнінде қазақстандық дзюдошылар жүлдесіз қалды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер