Әлем футболы

Роналду абсолютті әлем рекордын қайталады

Роналду абсолютті әлем рекордын қайталады
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду А сериясының 17-ші турындағы «Сассуолоға» қарсы кездесу соңында (3:1) мергендік танытты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл - оның футбол мансабындағы 759-голы. Осылайша португалиялық гол саны бойынша чехиялық шабуылшы Йозеф Бикану орнатқан әлемдік рекордты қайталай алды. Айта кетелік, 1931-1955 жылдар аралығында Бикану 759 гол соқты.

Роналду осыдан екі тур бұрын, «Удинезеге» қарсы ойында (812 ресми матчы) 757 гол соққан Пеленің жетістігін қайталады.

Жалпы осы маусымда Роналду алаңға 17 рет шығып, 19 рет мергендік танытты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер