Теннис

Қазақстандық жұп Антальядағы турнирдің 1/2 финалына шыға алмады

Қазақстандық жұп Антальядағы турнирдің 1/2 финалына шыға алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев Анталиядағы ATP турнирінде ширек финалдағы жұптық кездесуде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшыларды француз Джереми Шарди/Фабрис Мартин жұбы 1:6, 1:6 есебімен жеңді.

Матч бар болғаны 43 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Александр Бублик Анталиядағы турнирдің жекелей сынында жарысты жалғастырып жатыр. Ол жартылай финалға шығу үшін италиялық теннисші Маттео Берреттинимен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер