Путинцева Абу-Дабидегі жарыстан шығып қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Юлия Путинцева Абу-Дабиде (БАӘ) WTA сериялы турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің төртінші ракеткасық Софья Кениннен 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 2 сағат 43 минутқа созылды.
Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалына шыққан болатын.