Теннис

Үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу турнирінің алғашқы кезеңі аяқталды

Үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу турнирінің алғашқы кезеңі аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі жалғасуда. Іріктеудің алғашқы кезеңінде ерлер мен әйелдер арасындағы үздіктер анықталды.

Оралдық Айдос Кенжеғұлов жеті кездесудің алтауында жеңіске жетті. Екінші орынта ШҚО өкілі Сағантай Құрмамбаев, үшінші орында қарағандылық Эрик Райтер. Төртінші сатыда Искандер Харки (Жамбыл облысы), бесінші сатыда Ирисбек Артукметов (Шымкент), алтыншы орында Алан Құрманғалиев.

Теннисші қыздар арасындағы көрсеткіш төмендегідей: 1. Анастасия Лаврова, 2. Зәуреш Ақашева (Қарағанды), 3. Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), 4. Айя Әлімбаева (Алматы), 5. Анель Бахыт (Шымкент), 6. Анлегина Романовская (Павлодар облысы).

Бүгін спортшылар олимпиадалық жүйе бойынша өзара кездесіп, екі кезең қорытындысы бойынша іріктеу турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер