Теннис

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды

Елена Рыбакина Абу-Даби турнирінің үшінші кезеңіне жолдама алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде үшінші кезеңге өтті.

Екінші айналымда Рыбакина қытайлық Сиюй Ванмен кездескен болатын. 1 сағат 34 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын 2:0 (6:4,6:4) есебімен ұтты.

Келесі айналымда Елена Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинаға қарсы кортқа шығады.

Кездесу 10 қаңтарға жоспарланған. Сондай-ақ, ертең тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Софья Кенинмен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер