Теннис

Ұлттық құрамаға іріктеу: Екінші айналымға өткен спортшылар анықталды

Ұлттық құрамаға іріктеу: Екінші айналымға өткен спортшылар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу турнирі жалғасуда. Кеше 16 қыз және 16 ер бала өзара кездесу өткізіп, келесі айналымға өткен спортшылардың есімі белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.

Қыздар арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), Анель Бахыт (Шымкент), Айя Әлімбаева (Алматы), Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы) және Алсу Сапарова (Орал) жүлдеге таласты жалғастырады.

Ерлер арасындағы турнирде 2020 жылғы Қазақстан біріншілігінің финалисі Айдос Кенжеғұлов (Орал) пен 13 жастағы спорт шебері Алан Құрманғалиевтің (Қарағанды) кездесуін көпшілк асыға күткен. Тартысты өткен кездесуде Алан 3:2 (8:11, 11:8, 12:10, 9:11, 11:7) есебімен жеңіске жетті.

Бүгін Айдос пен Аланнан бөлек Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Владсилав Захаров (Қарағанды), Искандер Харки (Жамбыл облысы), Ырысбек Артукметов (Шымкент) және Эрик Райер (Қарағанды) сынға түседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер