ММА

Атақты аспаз Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне үлкен торт жасады

Атақты аспаз Хабиб Нурмагомедовтың құрметіне үлкен торт жасады
news-banner7
mobile-news-top

Әлемге әйгілі түрік аспазшысы Бурак Оздемир жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке арнап тортын жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кондитерлік өнімдердің басты безендірілуі - Хабибтің чемпиондық белбеуі түріндегі элемент.

«Көп рахмет, Бурак Оздемир бауырым. Бұл керемет кешкі ас болды», - деп жазды Нурмагомедов өзінің Instagram-да жариялаған аспазбен және оның жұмысымен бірлескен суреттің астына.

Ыстамбулда бірнеше жоғары деңгейлі мейрамханалардың иесі 26 жастағы Бурак Оздемир 2020 жылдың желтоқсан айында Дубайда мейрамхана ашты. Аспаз Интернетте өте танымал. Оның инстаграмына жазылушылар саны 19 миллионнан асты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер