Жеңіл атлетика

Дмитрий Карпов: Жабық кешендегі жарыстарды жоспар бойынша өткізе береміз

Дмитрий Карпов: Жабық кешендегі жарыстарды жоспар бойынша өткізе береміз
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы жаңа маусымды бастауға дайын. Ұлттық құраманың бас бапкері Дмитрий Карпов Olympic.kz сайтына жылдың басындағы жоспарымен бөлісті.

"12-31 қаңтар күндері Өскемен қаласында ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиынжарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, 12-31 қаңтар күндері Қырғызстанның Шолпан-Ата аймағында да қатар жаттығу жиыны өткізіледі.

2021 жылдың алғашқы жарысы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир болады. Аталған жарыс 20 қаңтарға белгіленген.

8-10 ақпан күндері Қазақстан Республикасының кубогі, ал 18-20 ақпанда жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтеді.

Қазіргі таңда пандемияға байланысты тұрақсыздық орын алып, кейбір турнирлердің өткізілетін орындары, уақыты өзгертіліп, енді бірі мүлдем кейінге шегеріліп жатыр. Бірақ, соған қарамастан барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра жабық кешендегі жарыстарды жоспар бойынша өткізе береміз", - дейді Дмитрий Карпов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер