ММА

Қуат Хамитовтың қарсыласы ауысты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты.

«Найман» 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында AMC Fight Nights кеші аясында ресейлік Магомед Магомедовпен жұдырықтасуы қажет еді.

Инсайдер Игорь Лазориннің мәліметінше, оның жаңа қарсыласы ресейлік файтер Алексей Ильенко (8-2-1) болмақ.

Еске салайық, қазақстандық спортшы өзінің алдыңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер