Қысқы

Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: Спринт бойынша үздіктер анықталды

Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: Спринт бойынша үздіктер анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Германияның Оберхоф аймағында биатлоннан әлем кубогінің бесінші кезеңі басталды. Әлемдік жарыстың алғашқы күнінде әйелдер арасында спринт бойынша бәсеке өтті.

Жарысқа қатысушылар 7,5 км қашықтықты бағындырды. Нәтижесінде, норвегиялық Тириль Экхофф мәре сызығын бірінші болып кесті. Швециялық Ханна Эберг екінші болса, австриялық Лиза Тереза Хаузер үздік үштікті қорытындылады.

Қазақстандық спортшылар ішінде Елизавета Бельченко мәреге 42-ші болып жетті. Людмила Ахатова 82-ші, Анастасия Кондратьева 98-ші болды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер