Теннис

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына кімдер қатысады

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионатына кімдер қатысады
news-banner7
mobile-news-top

«Saryarka» үстел теннисі орталығында (Қарағанды) Қазақстан құрамасына іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінде ерлер арасында 16, әйелдер арасында 16 үздік спортшы анықталды.

Нәтижесінде, іріктеуден іркілмеген үстел теннисі шеберлері 8-10 қаңтар аралығында өтетін Қазақстан чемпионатында бақтарын сынап, өзара мықтыны анықтайды. Бірінші топта Айдос Кенжеғұлов (Орал), Алан Құрманғалиев (Қарағанды), Александр Герасименко (Нұр-Сұлтан), Муслим Харки (Жамбыл облысы) ойнайды.

Ал екінші топта Дастан Кенжеғұлов (Орал), Бақдәулет Әкімәлі (Шымкент), Владислав Захаров (Қарағанды), Темірлан Ким (Қарағанды) жарысқа қатысады.

Үшінші топтаЕ Харки (Жамбыл облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Марат Суртубаев (Қарағанды) және Сарвар Ирисалиев (Шымкент), төртінші топта Ирисбек Артукметов (Шымкент), Эрик Рейтер (Қарағанды), Санжар Жұбанов (Орал) пен Роман Халилов (Нұр-Сұлтан) бақ сынайды.

Әйелдер арасында Қазақстан чемпионатына қатысатын спортшылар:

І топ: Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы), Медиана Қалықбай (Жамбыл облысы), Алиса Цвигун (Нұр-Сұлтан)

ІІ топ: Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Александра Смирнова (Қарағанды), Екатерина Охмак (Қарағанды)

ІІІ топ: Анель Бақыт (Шымкент), Ая Алимбаева (Алматы), Жанерке Қошқымбаева (Қарағанды), Гузель Торшаева (Ақтау) ІV топ: Сарвиноз Миркадирова (Шымкент), Алсу Сапарова (Орал), Арай Ашкеева (Қарағанды), Малика Сандыбаева (Нұр-Сұлтан)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер