Шведова/Рыбакина жұбы Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады
![Шведова/Рыбакина жұбы Абу-Дабидегі турнирдің екінші айналымына өте алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202101/201736_bc2ddbd437018badc5fe4387b4371ae0.jpg?v=28650881)
Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жұптық сынында екінші айналымға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жерлестеріміз бірінші айналымда америкалық Хейли Картер мен бразилиялық Луиза Стефаниге есе жіберді.
1 сағат 11 минутқа созылған кездесу 3:6, 3:6 есебімен аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Шведова мен Рыбакина осы турнирдің жекелй жарысында өнер көрсетті. Шведова жарыстың екінші айналымына өте алмады, ал Рыбакина екінші айналымға жолдама алды.