Әлем футболы

FIFA-ның бұрынғы президенті ауруханаға түсті

FIFA-ның бұрынғы президенті ауруханаға түсті
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (FIFA) бұрынғы президенті Йозеф Блаттер ауыр жағдайда ауруханаға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz

Блаттердің қызы Кориннің айтуынша, жағдайы жақсы, бірақ ұзақ уақыт демалыс қажет.

Блаттер FIFA-ны 1998 жылдан 2015 жылға дейін басқарды.

Еске салайық, 2015 жылы Швейцарияның бас прокуроры ФИФА президенті Йозеф Блаттерге қарсы қылмыстық іс қозғады. Блаттерге қарсы іс 24 қыркүйекте ақша жымқырды деген күдікпен ашылды.

Блаттер сонымен қатар ФИФА есебінен Еуропалық футбол қауымдастығының (УЕФА) басшысы Мишель Платиниге 2 миллион швейцар франкін (2,04 миллион доллар) заңсыз төледі деген күдікке ілінді. Бұл іс ашық күйінде қалып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер