Әлем футболы

Месси мен Роналдудың 17 жыл бойғы жетістігін басқа футболшылар қайталай алмай жүр

Месси мен Роналдудың 17 жыл бойғы жетістігін басқа футболшылар қайталай алмай жүр
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси 2021 жылғы алғашқы голдарын «Атлетико» қақпасына соқты. Футболшы аталған матчта дубль жасады (ойындағы жалпы есеп - 3:2), деп хабарлайды Prosports.kz.

Аргентиналық 2005 жылдан бері Примерада 17 жыл бойы гол соғып келеді.

Осындай нәтижемен португалиялық атақты ойыншы Криштиану Роналду да мақтана алады. 35 жасар ойыншы биыл 3 қаңтарда А Сериясында «Удинезе» қақпасына гол соғып, қанжығасын майлап үлгерді (матчтағы жалпы есеп 4: 1).

Басқа ойыншылар бұл белесті бағындыра алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер