Ауыр атлетика

Илья Ильин Ақтөбедегі ауыр атлетика залының ашылуына қатысты (+ Фото)

Илья Ильин Ақтөбедегі ауыр атлетика залының ашылуына қатысты (+ Фото)
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбеде «Жас Қуат» бағдарламасы аясында жаңартылған ауыр атлетика залының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Ақтөбе облысы федерациясының президенті Қанат Ақшолақов, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Евгений Гончаров, спорт ардагері Мұрат Жұмағалиұлы Қазиев қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Илья Ильин былай деді:

«Бұл залдың бұрын қандай болғаны есімде. Бала кезімде ауыр атлетикадан жыл сайынғы турнир ақпан айында Ақтөбеде өтетіндіктен, мен мұнда бірнеше рет өнер көрсеткенмін. Өзгерістер, әрине, көзге ұрып тұр. «Жас Қуат» бағдарламасын жүзеге асыратын Федерация өте жақсы жұмыс істейді, өйткені жеңістер мен әлемдік рекордтар осы жерде, болашақ чемпиондар алғашқы қадамдар жасайтын залдарда басталады.

Спортшы ретінде ең алдымен, жақсы жабдықтар мен тақтайтұғырлар біз үшін бірінші орында екенін атап өткім келеді. Сондай-ақ, жаттығудың ыңғайлы процесі үшін кең киім шешетін бөлмелер, душ бөлмелері және барлық қажетті жиһаздары бар жаттықтырушы бөлмесінің болуы маңызды»

Зал күрделі жөндеуден өтті - ескі қабырғалар мен едендер бұзылып, оның орнына бетон төсеніш жасалды, еден ауыстырылды, залдың қабырғалары мен төбесі жаңартылды, қосымша киім-кешек бөлмесі жабдықталды. Ал ҚР ААФ лицензияланған заманауи жабдықтардың үш жиынтығын, сондай-ақ екі балалар штангасын сыйға тартты.

«Балалар, жаттықтырушының нұсқауларын тыңдаңдар және барлық бағытта өздеріңді дамытыңдар - білім алыңдар, кітап оқыңдар. Иә, әрине, әрқайсыңыз кәсіби спортшы болғыңыз келеді, бірақ ауыр атлет жан-жақты болуы керек!», деді Ильин спортшылармен қоштасып тұрып.

Фотосуреттер ҚР ААФ баспасөз қызметінен алынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер