Хоккей

Ауа райы салдарынан «Ertis» пен «Торпедо» кездесе алмайтын болды

Ауа райы салдарынан «Ertis» пен «Торпедо» кездесе алмайтын болды
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден павлодарлық «Ertis» және өскемендік «Торпедо» командалары арасындағы кездесу кейінге шегерілді.

Бұл шешім Павлодар қаласындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданып отыр. Ауа райына байланысты ескерту Өскеменде де хабарланған.

Соған байланысты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын кез келген көлік құралының өңірден тыс жерлерге шығуына тыйым салынған. Осыған байланысты «Ertis» пен «Торпедо» командаларының Өскеменде 5-6 қаңтарда өткізілуі жоспарланған ойындары кейінге шегерілді.

Бұл шешім екі облыстың полиция департаменттері, еліміздің хоккей федерациясы және клубтардың келісімі негізінде қабылданды. Аталған ойынның өтетін күні жақын арада қосымша хабарланатын болады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер