Әлем футболы

«Реалдың» Ла Лигадағы келесі ойыны өтпеуі мүмкін

«Реалдың» Ла Лигадағы келесі ойыны өтпеуі мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Испания чемпионатындағы «Реал Мадри» пен «Осасуна» арасындағы матч ауа райының қолайсыздығана байланысты өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі таңда Испанияның бірнеше қалаларында қар нормадан көп жауып жатыр. Бұған дейін «Осасуна» Мадридтің «Реалымен» матч алдында жаттығудан бас тартқан болатын. 9 қаңтар күні, яғни сенбіде қалың қар жауады, бұл матчтың өтуіне кедергі келтіреді.

Қазіргі уақытта «Реал» Испания чемпионатының турнир кестесінде 36 ұпай жинап, екінші орында тұр. Команда көшбасшы «Атлетикодан» 2 ұпайға қалып келеді. «Осасуна» өз кезегінде 24 ұпай жинап, 19-орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер