Хоккей

«Барыс» үш шабуылшымен қоштасты

«Барыс» үш шабуылшымен қоштасты
news-banner7
mobile-news-top

Үш шабуылшы – Дмитрий Гренц, Иван Клепко және Азиз Сейтанов «Барыс» хоккей клубынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Елордалық клубтың ресми сайтының хабарлауынша, келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Дмитрий Гренц осы маусымда ҚХЛ аясында 10 матч өткізіп, бір пас берді. Ал Қазақстан чемпионатында 10 матчқа қатысып, 8 (3+5) ұпай жинады.

Иван Клепко «Номад» сапында 18 матч өткізіп, 8 (2+6) ұпай жинады. Ал Азиз Сейтанов ел чемпионаты аясында алты кездесу өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер