Әлем футболы

Диего Коста Англияға оралуы мүмкін

Диего Коста Англияға оралуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Атлетико Мадридтің» бұрынғы шабуылшысы Диего Коста мансабын Англияда жалғастырғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы футболшының келесі клубы «Вулверхэмптон» болуы мүмкін. «Қасқырлардың» бас бапкері Нуну Эшпириту Санту Диегоны жарақат алған Рауль Хименестің орнын баса алады деп сенеді.

«Атлетико» 29 желтоқсанда Костамен келісімшартты тоқтататынын мәлімдеді. Форвардтың «Арсеналға» немесе «Ювентуске» ауысуы мүмкін екендігі хабарланды.

Коста бұған дейін Англияда «Челсидің» намысын қорғады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер