ММА

Хамзат Чимаев Дэйна Уайтты Шешенстанға шақырмақ

Хамзат Чимаев Дэйна Уайтты Шешенстанға шақырмақ
news-banner7
mobile-news-top

Ұлты - шешен, швециялық файтер Хамзат Чимаев UFC президенті Дана Уайтты Шешен Республикасына шақыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы Чимаев Шешенстанға 1 қаңтарда келді. Журналистер жекпе-жек шеберінен Уайттың шақырылуы туралы сұрады.

«Менің бұған әлі уақытым болған жоқ, жақында ұйымдастырамын», - деп жауап берді Чимаев.

Спортшы коронавирустан кейінгі денсаулығына байланысты 20 қаңтарға жоспарланған британиялық Леон Эдвардсқа қарсы жекпе-жектен бас тартқанын растады.

«Мен ауруға байланысты қатыспаймын, бірақ қазір тәуірмін және жақын арада онымен де төбелесемін. Тест бір ай бұрын оң нәтиже берді. Енді мен біртіндеп қалпыма келемін, сауықтым, бұдан әрі үйде жаттығамын», - деді Чимаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер