Әлем футболы

Мадридтің «Реалы» Салахқа көз тікті

Мадридтің «Реалы» Салахқа көз тікті
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтің «Реалы» «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салахты сатып алғысы келеді, деп жазады Prosports.kz испаниялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Ал Sky Sport-тың хабарлауынша, 28 жастағы мысырлықты сатып алу мадридтік клубтың 2021 жылдың жазындағы трансферлік мақсаттарының бірі саналады.

Футболшының клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін есептелмек. Оның нарықтық құны 120 миллион еуроға бағаланады.

Салах осы маусымда 23 ойында 16 гол соққан және төрт нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер