Басқа

ХОК басшысы: Токио да, Бейжің де Олимпиадаға дайын

ХОК басшысы: Токио да, Бейжің де Олимпиадаға дайын
news-banner7
mobile-news-top

2022 жылғы Бейжің Олимпиадасын өткізетін спорттық нысандар дайын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді.

«Біз биыл Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына дайындықты бастауымыз керек. Біз қытайлық серіктестеріміздің батылдығы мен еңбекқорлығын байқап отырмыз. Барлық олимпиадалық нысандар дайын», - дейді Бах.

Сондай-ақ, ХОК басшысы 2021 жылғы Токио ойындарына дайындық барысына да тоқталды.

«Токио Олимпиадаға толықтай дайындалған қала ретінде тарихта қала береді. Бұл үшін жапониялық серіктестеріміз бен достарымызға тек алғыс айтамыз», - деді Томас Бах.

Айта кетелік, Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы, ал Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер