ҚХЛ желтоқсан айындағы үздік хоккейшілерді анықтады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚұрлықтық хоккей лигасы төрт номинация бойынша желтоқсан лауреаттарын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.
Үздік қақпашы - Александр Еременко («Динамо», Мәскеу)
Алты матчта алты жеңіске жетіп, оның екеуінде қарсыластары қақпа кілтін таба алмады. Оның қақпасына 184 соққы жасалды (матчта 30,7), қақпашы 96,7% сенімділік коэффициентіне ие болды.
Үздік қорғаушы - Степан Фальковский («Динамо», Минск)
Ол тоғыз матчта төрт жеңіске жетіп, 6 (3 + 3) ұпай жинады және «+6» пайдалылық индексін көрсетті.
Үздік шабуылшы - Стефан Да Коста («Ақ Барс»)
Ол командасымен бірге 9 матчтың сегізінде жеңіске жетті және «+2» рейтингімен 16 (8 + 8) ұпай жинады.
Үздік жаңа ойыншы - Иван Чехович («Торпедо»)
11 матчта 10 (6 + 4) ұпай жинап, «+7» пайдалылық индексімен үздік жаңа ойыншы болып танылды.