Әлем футболы

Стоилов Болгарияға оралудан бас тартты

Стоилов Болгарияға оралудан бас тартты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов болгариялық команданы тізгіндемейді.

«Лудогорец» клубының өкілдері жаттықтырушымен кездесіп, келіссөз жүргізген. Станимир Стоиловқа жылына 1 миллион еуро жалақы көрсетілген ұсыныс жасалды.

Алайда «Тема Спорт» ақпараты бойынша, 53 жастағы маман ұсыныстан бас тартты. Өйткені ол әзірге шетелде жұмыс істегісі келеді екен.

Айта кетейік, Станимир Стоилов «Астананы» 2014-2018 жылдар аралығында жаттықтырған.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер