Әлем футболы

Роналду мәнсабының қашанға созылатынын айтты

Роналду мәнсабының қашанға созылатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

«Ювентус» пен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду футболды әлі ұзақ уақыт ойнауға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен өзімді жақсы сезінемін. Мен әлі көп жыл бойы ойнай аламын деп үміттенемін. Менде ынта, ықылас жеткілікті, ал басқа нәрселер онша маңызды емес. Мен жас футболшылармен сөйлескенде, мен олардан қазіргі сәтті бағалауды сұраймын, себебі ертең не болуы мүмкін екені белгісіз.

Мені жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенемін. Мен әр командамен түрлі жүлделерді жеңіп алдым, бірақ менің арманым - әлем чемпионаты болу», - дейдіРоналду.

Осы маусымда 35 жастағы Роналду «Ювентус» сапында барлық турнирде 14 матч өткізіп, 16 гол соқты және бір нәтижелі пас берген. Оның клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер