Қысқы

Ұлттық шаңғы спорты қауымдастығы жылды қорытындылады

Ұлттық шаңғы спорты қауымдастығы жылды қорытындылады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанның ұлттық шаңғы спорты қауымдастығының президенті болып Диас Сүлейменов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Тәжірибелі спорт маманының кандидатурасын Ұлттық Олимпиадалық комитет қолдағанын айта кету керек. Сондай-ақ, Қауымдастық Президиумының құрамы да жаңартылды.

Айта кетелік, биыл қауымдастық қолдауымен фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан Алматыда әлем кубогының екі кезеңі өткізілді. 16 елден келген спортшылар қатарында әлемдік рейтинг үздіктері мен әлем және олимпиада чемпиондары бар. Отандық спортшылар да өз жерінде сәтті өнер көрсетті. Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова қола жүлдегер атанса, Дмитрий Рейхерд фристайл-могулдан төртінші орынға табан тіреді.

Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) турнирдің өткізілу деңгейін жоғары бағаласа, жарысты тікелей эфирде 7 миллионнан астам адам тамашалаған.

Сондай-ақ, карантин шаралары мен әлемдегі қиын ахуалға қарамастан, қазақстандық спортшылар ірі жарыстарда көзге түсті. Шаңғышы Виталий Пухкало Лахти (Финляндия) және Фалун (Швеция) қаласындағы әлем кубогы кезеңдерінде ТОП-12 қатарына кірді.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Данил Васильев Лозаннадағы жасөспірімдер Олимпиадасында тоғызыншы орын алды.

Тау шаңғысынан команда мүшелері Александра Троицкая, Милена Скубкова мен Лата Каролина Түркиядағы халықаралық жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.

Фристайлдан ұлттық құрама мүшелері әлем және Еуропа кезеңдеріне 20 рет тұғырға көтерілген.

Қауымдастық алдындағы ендігі міндет – олимпиадалық қозғалыста белсенді болу. Үш спорт түрінен алты спортшы 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында Халықаралық Олимпиада комитетінен арнай стипендия ала бастады.

2021 жыл қазақстандық спортшылар үшін маңызды болмақ. Себебі, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирлері жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер