Еркін күрес

Серікбаев: Биылғы маусымды індетке қарамастан жақсы өткіздік

Серікбаев: Биылғы маусымды індетке қарамастан жақсы өткіздік
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев биылғы жылды қорытындылап, алдағы маусымға қатысты жоспарларымен бөлісті.

- Ғаламдық пандемия біздің біраз жоспарларымызға өзгеріс енгізді. Десе де, көптеген қиындыққа қарамастан, оқу-жаттығу жиындарын өткіздік. Спортшыларды бабында ұстау үшін бар күшімізді салдық.

Одан бөлек, жыл соңына қарай күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатының өткені де біз үшін үлкен жетістік. Әрине, Сербияда өткен әлем кубогіне қатыса алмағанымыз үшін аздаған өкініш бар.

Дегенмен, балуандардың денсаулығын сақтау біздің басты міндетіміз екенін де ұмытпау қажет. Келесі жылы бізді үлкен жарыстар күтіп тұр. Алматыда өтетін лицензиялық турнирде қалған екі жолдаманы еншілеп, Азия чемпионаты мен Олимпиада ойындарында сәтті өнер көрсетуді жоспарлап отырмыз, - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер