Басқа

Қазақстан сарбаздары Олимпиадаға 14 лицензия жеңіп алған

Қазақстан сарбаздары Олимпиадаға 14 лицензия жеңіп алған
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы бас жаттықтырушыларының кеңесі өтті. Онда келесі жылға арналған жоспарлар қорытындыланды.

Баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, бүгінгі күні орталық спорт клубының штаттық командаларын даярлау орталығының 138 нұсқаушы спортшысы Қазақстанның ұлттық құрамасына кіреді.

Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, бұл жыл спорттық іс-шараларға бай болды. Оларға қатысудың арқасында армия спортшылары 2021 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына 14 лицензия жеңіп алды. Қысқы спорт түрлері бойынша 2022 жылы Бейжіңде өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы лицензиялар жеңіп алу үшін әлем кубогына іріктеуден сәтті өтуде.

«Биыл армия спортшылары 18 республикалық және 11 халықаралық жарысқа қатысып, 45 алтын, 36 күміс және 40 қола медаль жеңіп алды», – деп атап өтті Спорт комитетінің төрағасы Айталап Құрғамбаев.

Кеңес отырысында жыл қорытындысы бойынша көзге түскен әскери қызметші спортшылар, жаттықтырушылар мен команда бастықтары мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер