Әлем футболы

«Реал» Модричпен келісімшарт мерзімін ұзартады

«Реал» Модричпен келісімшарт мерзімін ұзартады
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубы жартылай қорғаушы Лука Модричпен келісімшарт мерзімін ұзартуға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа келісімшарт тағы бір жылға - 2022 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылады. Қос тарптың қазіргі келісімшарты 2021 жылдың маусым айында аяқталады.

Айта кетейік, хорватиялық ойыншы «Реалға» 2012 жылы «Тоттенхэмнен» ауысып келген Мадридтік клуб сапында Модрич төрт дүркін Чемпиондар лигасының жеңімпазы (2013/2014, 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018 жылғы маусымдар), екі мәрте Испаия чемпионы (2016/2017, 2019/2020 жылғы маусымдар), Испания кубогының жеңімпазы (2013/2014) және Испания суперкубогының иегері (2012, 2017, 2020) атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер