Дзюдо

Ғалымжан Қырықбай: Қазақстан чемпионатында тактикалық қатеге жол бердім

Ғалымжан Қырықбай: Қазақстан чемпионатында тактикалық қатеге жол бердім
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Жамбыл облысының өкілі Ғалымжан Қырықбай Қазақстан чемпионатында қола жүлдегер атанып, ересектер арасында алғашқы медаліне қол жеткізді. 100 келіден жоғары салмақта белдескен ол Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап берді.

"Ересектер арасында бірінші Қазақстан чемпионатында үздік үштікке еніп отырмын. Жартылай финалға дейін жоспардағыдай белдесп, жақсы күрескеніммен, жартылай финалда тәжірибелі дзюдошыға есе жібердім. Финалға жолдама алу үшін Ұлттық құрама мүшесі Ерасыл Қажыбаевпен кездестім. Кездесу барысында тактикалық қатеге жол бердім деп ойлаймын.

Чемпионат алдында екі рет оқу-жаттығу жиынын өткізіп, тыңғылықты дайындалдық. Менің салмағымда қарсыластардың осалы жоқ. Десе де, өзім Ерасыл Қажыбаевқа қарсы жеке дайындалған болатынмын. Алайда, белдесу барысында тағы да кемшін тұстар бар екенін және онымен жұмыс істеу керегін түсіндім", - дейді Ғалымжан Қырықбай.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер