Әлем футболы

«Атыраудың» бұрынғы бапкері Черногория құрамасын жаттықтырады

«Атыраудың» бұрынғы бапкері Черногория құрамасын жаттықтырады
news-banner7
mobile-news-top

«Атырау» футбол клубының бұрынғы бапкері Миодраг Радулович Черногория құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы аталған елдің футбол федерациясы ресми хабарлады.

53 жастағы маманмен келісімшарт жаңа жылдың басынан бастап, 2021 жылдың соңына дейін жасалады.

Радулович 2013 жылы «Атырауды» жаттықтырған. Оның жетекшілігімен «мұнайшылар» Қазақстан Премьер-лигасында сегізінші орынға ие болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер