Моуринью Серхио Рамосты «Тоттенхэмге» шақырғысы келеді
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуринью «Реалдың» капитаны Серхио Рамосты командаға шақырғысы келеді.
Рамос 2010-2013 жылдар аралығында «Реалда» португалиялық маманның қол астында ойнады.
Айта кетейік, 34 жастағы футболшының қазіргі клубымен келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады. Жаңа келісімге әлі қол қойылған жоқ.