Әлем футболы

«Эвертон» - «МС» матч өтпейді. Манчестерлік клуб коронавирус ошағына айналды

«Эвертон» - «МС» матч өтпейді. Манчестерлік клуб коронавирус ошағына айналды
news-banner7
mobile-news-top

28 желтоқсанға жоспарланған Англия Премьер-лигасының 16-турының «Эвертон» - «Манчестер Сити» матчы өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ВВС-дің хабарлауынша, мұндай шешімге «Манчестер Сити» коронавирустың таралуы себеп болған. Жұма күні клуб шабуылшы Габриэль Жезус, қорғаушы Кайл Уолкер және команданың тағы екі қызметкері коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

28 желтоқсанда «қалалықтардың» лагерінде инфекцияның жаңа жағдайлары анықталғаны және «Эвертонмен» ойын осы себепті өтпейтіні белгілі болды. Медициналық көрсеткіштерге сүйене отырып, Премьер-Лига екі клубпен кеңескеннен кейін кездесуді кейінге қалдыруға шешім қабылдады.

Ауру жұқтырғандардың барлығы Англия Премьер-лигасының және Ұлыбритания үкіметінің хаттамасына сәйкес өзін-өзі оқшаулайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер