Қысқы

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиындарын бастады. Құраманың бас бапкері Елена Круглыхина Olympic.kz сайтына жаттығудың қалай өтетіні туралы айтып берді.

"Қазіргі уақытта команда Алматыда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр. Жаңа жылға дейін біз шаңғы және техникалық дайындықты өткізу үшін Oi Karagay оқу-жаттығу лагеріне тоқтадық. Осыдан кейін біз толыққанды могул трассасына ауысамыз.

Маусым сәтсіз басталғандықтан спортшылар барлық күшін салып, қалыптарына келуі керек. Жасыратыны жоқ, қатарынан әлем кубогінің екі кезеңін өткізіп алғаннан кейін спортшылар шамамен 70 пайызға формаларын жоғалтты деуге болады. Десе де, біз қалай қалпына келтіру керектігін, әрі қарай не істеу керегін білеміз. Әлем кубогі кезеңдерінде жанкүйерлерді қуанту үшін тынбай еңбектенуді жалғастырамыз", - дейді бас бапкер Елена Круглыхина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер