Командалық

Волейболдан ел чемпионатының ІІ кезеңінде «Жайық» командасы үздік атанды

Волейболдан ел чемпионатының ІІ кезеңінде «Жайық» командасы үздік атанды
news-banner7
mobile-news-top

Волейболдан жоғарғы лигадағы ерлер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ кезеңі аяқталды.

Аталған республикалық біріншілік Қызылорда қаласында 21-27 желтоқсан күндері өтті. Ерлер арасындағы бәсекеге барлығы 9 команда қатысты.

Екінші кезең нәтижесі бойынша Оралдың "Жайық" командасы топ жарды. Ақтөбелік "Ақтөбе" волейбол командасы екінші орынға жайғасса, Шымкент қаласының "Динамо-Қазығұрт" құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер