Әлем футболы

Ян Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында «Андерлехттен» жеңілді

Ян Вороговскийдің командасы Бельгия чемпионатында «Андерлехттен» жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бельгия чемпионатының 19-турында қазақстандық Ян Вороговский ойнайтын «Беерсхот» сырт алаңда «Андерлехттен» 0:2 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Андерлехт» сапында Лукас Нмеча (32-минут) мен Пол Мукаиру (71-минут) гол соқты.

Вороговский «Беерсхот» сапында негізгі құрамда шықты және кездесудің 66-минутында ауыстырылды. Қазақстан құрамасының футболшысы үшін бұл осы маусымдағы 12-ойын болды, оның еншісінде бір гол бар.

Турнир кестесінде «Андерлехт» 32 ұпай жинап, алтыншыдан төртінші орынға көтерілді. «Беерсхот» 28 ұпаймен жетінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер