Әлем футболы

Ибрагимович өзінен үздік жалғыз футболшыны атады

Ибрагимович өзінен үздік жалғыз футболшыны атады
news-banner7
mobile-news-top

«Миланның» швециялық шабуылшысы Златан Ибрагимович өзінен асып түскен жалғыз ойыншыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл - аңызға айналған аргентиналық Диего Марадона, ол 2020 жылдың қарашасында қайтыс болған еді.

«Барлық уақыттағы ең мықты футболшыға келетін болсақ, Роналду ерекше құбылыс және менің кумирім болды. Марадона бар - бұл барлық уақыттағы ең үздік футболшы. Менен де үздік жалғыз ойыншы», - деп келтіреді Ибрагимовичтің сөзін La Gazzetta Dello Sport.

Диего Армандо Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болған еді.

Ал Ибрагимович ойнайтын «Милан» А сериясында көш бастап тұр. Златан 10 голмен үздік бомбардирлер тізімінде үшінші орында келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер