Әлем футболы

Касильяс пен Пике үздік мансаптары үшін марапатқа ие болды

Касильяс пен Пике үздік мансаптары үшін марапатқа ие болды
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» қорғаушысы Жерар Пике пен «Реалдың» бұрынғы қақпашысы Икер Касильяс Globe Soccer Awards нұсқасымен үздік мансаптары үшін марапаттарға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пике сегіз рет Испания чемпионатын, алты мәрте Испания Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алса, үш рет Чемпиондар лигасында, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем кубогында жеңімпаз атанды. Испания құрамасымен бірге ол 2010 жылғы Әлем кубогы мен Евро-2012 жеңімпазы болды.

Ал Касильяс Мадридтің «Реалы» сапында бес мәрте Испания чемпионы, екі рет кубок иегері және төрт дүркін ел Суперкубогына ие болды. Қақпашы сондай-ақ үш рет Чемпиондар лигасының алтын медалін мойнына тақты.

Қос футболшы да Испания құрамасымен бірге 2010 жылғы әлем чемпионатын мен 2008, 2012 жылдары Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанды.

Айта кетелік, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік ойыншысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер