Дзюдо

Қазақстан дзюдошылары жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Қазақстан дзюдошылары жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық дзюдошылар жылдың соңғы жаттығу жиынына қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрама командасы Шымкент қаласында биылғы маусымның соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Татами шеберлері Шымкент қаласында орналасқан "БИІК" спорт кешенінде дайындықтарын пысықтайды. 22 желтоқсан күні басталған жаттығу жиынына барлығы 22 спортшы шақырту алған.

Аталған жаттығу жиыны жаңа маусымдағы алғашқы жарыс алдында физикалық дайындықты шыңдауға арналған. Оқу-жаттығу жиыны 29 желтоқсанға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер