Әлем футболы

Globe Soccer Awards. «Баварияға» бірден үш марапат бұйырды

Globe Soccer Awards. «Баварияға» бірден үш марапат бұйырды
news-banner7
mobile-news-top

27 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) жыл сайынғы Globe Soccer Awards марапаттау рәсімі өтті. «Баварияға» бірден үш марапат бұйырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

2020 жылдың үздік футболшысы болып «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски танылды.

Жүлдеге Левандовскиден басқа, Чиро Иммобиле (Италия, Лацио), Криштиану Роналду (Португалия, Ювентус), Карим Бензема (Франция, Реал Мадрид), Лионель Месси (Аргентина, Барселона), Маркиньос (Бразилия, ПСЖ) ), Садио Мане (Сенегал, Ливерпуль) және Серж Гнабрилер (Германия, Бавария) үміткер болған еді.

«Баварияның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик 2020 жылдың үздік жаттықтырушысы, ал мюнхендік ұжым үздік клуб атанды.

Еске сала кетелік, «Бавария» өткен маусымда Германия чемпионы атанып, Чемпиондар лигасы мен ел кубогын жеңіп алып, требл жасады.

Айта кету керек, Левандовски биыл ФИФА нұсқасы бойынша да үздік ойыншы атанды.

Congratulations to ROBERT LEWANDOWSKI on winning the ⁣Globe Soccer Award for the PLAYER OF THE YEAR⁣ 2020#Lewandowski#RL9#TikTok#globesoccer@lewy_official@dubaisc@fcbayern @pzpn_pla pic.twitter.com/OXU71oMIvl

— Globe Soccer Awards (@Globe_Soccer) December 27, 2020

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер