Әлем футболы

Бағы жанбаған Коутиньо. «Барселона» неліктен ойыншыдан құтылғысы келеді

Бағы жанбаған Коутиньо. «Барселона» неліктен ойыншыдан құтылғысы келеді
news-banner7
mobile-news-top

«Барселона» бразилиялық жартылай қорғаушы Филипп Коутиньоны қысқы трансферлік терезеге тастағалы отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты El Confidencial таратты.

Басылымның мәліметінше, каталониялық клубтың бапкерлер құрамы бразилиялықтың ойынына наразы екен.

Сонымен қатар, каталондыиялықтар ойыншы трансферінің арқасында қаржылық мәселелерін жақсартуға үміттенеді. Алайда, мәселе - Коутиньоға деген қызығушылықтың болмауында. Егер жартылай қорғаушы «Барселона» сапында 100 матч өткізсе, онда клуб оның бұрынғы командасы «Ливерпульге» тағы 20 миллион еуро төлеуі керек. Ол осы уақытқа дейін барселоналықтар сапында 89 матч өткізген.

Осы маусымда 28 жастағы Коутиньо «Барселона» құрамында барлық турнирде 13 ойын өткізіп, үш гол соқты және екі нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың жазына дейін жарамды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер