Дзюдо

Йоланта Бердібекова: Бірінші белдесу қашан да қиынға соғады

Йоланта Бердібекова: Бірінші белдесу қашан да қиынға соғады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Ақтауда аяқталған Қазақстан чемпионатында 63 келіге дейінгі салмақта топ жарған Иоланта Бердібекова Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, біріншілікке қатысты өз ойымен бөлісті.

"Карантинге байланысты ұзақ уақыт бойы татамиге шыға алмадық. Сондықтан, жарыс атмосферасынан алыстап қалғанымыз бәрімізден байқалады. Алғашында үйренісе алмай жүрдік.

Әр белдесу сайын өз бабыма ендім десем болады. Ал ел чемпионатындағы ең қиын кездесуім деп алғашқы жекпе-жекті айта аламын.

Жалпы, қандай спортшыға қарсы шықсаң да, бірінші белдесу үнемі ауырлау тиеді. Осы кезеңнен өтіп кетсең, әрі қарай өиын емес. Оның үстіне, Ақтау татамиіндегі бірінші қарсыласым да өте тәжірибелі болды.

Сол себепті, жеңіске жеткенім үшін қуаныштымын. Бапкерлерім өз мәнерімде күресіп шығуда тапсырған. Тапсырманы орындадым деп ойлаймын", - дейді Бердібекова.

Финалда Иоланта Бердібекова ШҚО өкілі Кристина Сотникованы жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер