Басқа

Садақ атудан әлемдік серия жалғасып жатыр

Садақ атудан әлемдік серия жалғасып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық садақ ату федерациясы (World Archery) жабық ғимараттағы әлемдік серияның жалғасатынын хабарлады.

Қараша айында өткен алғашқы онлайн кезеңге үш мыңнан аса садақшы қатысып, 2000-нан аса ұпай таратылған.

Ал 18-20 желтоқсан күндері өткен әлемдік серияның екінші кезеңінде бес мыңнан аса спортшы бақ сынады. Әлемдік ұйым мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Енді элиталы спортшылар командалық жарыста сынға түседі. Аталған онлайн турнирге қатысу үшін 31 желтоқсанға дейін тіркеліп үлгеру қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер