Күрес

Нұрлан Аманқосов: Мақсатымыз - қалған салмақтарда Олимпиада лицензияларын жеңіп алу

Нұрлан Аманқосов: Мақсатымыз - қалған салмақтарда Олимпиада лицензияларын жеңіп алу
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) Азия чемпионаты мен аймақтық іріктеу турнирін 2021 жылдың сәуірінде Алматыда өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Осы орайда, әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманқосов пікір білдіріп, турнирдің елімізде ұйымдастырылатынын қуана қабылдағанын айтты.

"Турнирдің ақпан айынан сәуірге ауыстырылғаны дұрыс болды. Биыл ірі жарыстарға қатыса алмаған соң, бұл жаңалықты қуана қабылдадық. Лицензиялық турнир Қытайда өтуге тиіс еді. Алайда, коронавирус инфекцияға байланысты, жарысты біздің елімізге ауыстырды. Бұл спортшылар үшін де, ұйымдастырушылар үшін де ыңғайлы болары анық. Ендігі басты мақсатымыз - қалған салмақтарда Олимпиада жолдамасын жеңіп алу",- дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер