Командалық

Таэквондодан Азия чемпионатының өтетін уақыты жарияланды

Таэквондодан Азия чемпионатының өтетін уақыты жарияланды
news-banner7
mobile-news-top

Азия таэквондо одағы (WT Asia) 2021 жылға арналған негізгі турнирлерінің өтетін уақыты мен орнын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Құрлықтық күнтізбеге сәйкес, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі 2021 жылы 26-27 наурызда Амманда өтеді. Оның артынан 28 наурызда Иордания астанасында Токио Паралимпиада ойындарының іріктеуі өтеді деп жоспарланған.

Ал 2021 жылдың 21-23 сәуір аралығында Ливан астанасы Бейрутта WT таэквондодан Азия чемпионаты өтеді. Пуамса және паратаэквондо бойынша құрлықтық чемпионаттар сәйкесінше 19 және 20 сәуірге белгіленген.

WT Президентінің кубогы - Азия аймағы 2021 жылы 17-22 маусымда Палестинада өтеді. WT Asia Халықаралық жарыстардың күнтізбесі Дүниежүзілік таэквондо федерациясы Азия елдерінде G1 және G2 санаттарының ашық чемпионаттарын бекітуіне байланысты жаңартылатынын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер