Күрес

Күрестен Қырғызстан чемпионы бопсалау күдігімен қамауға алынды

Күрестен Қырғызстан чемпионы бопсалау күдігімен қамауға алынды
news-banner7
mobile-news-top

Бішкекте бопсалауға күдіктілер ұсталды, деп жазады Prosports.kz. Бұл туралы Prosports.kg хабарлады.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің 23 желтоқсанда таратқан ақпаратына қарағанда, желтоқсан айының басында 29 жастағы С.А. атты азаматтың үйіне екі жігіт қара «БМВ-535» көлігімен келген. Олар өздерін Алтынбек және Роман деп таныстырады. Алтынбек қарумен қорқытып, жігіттен 380 мың сом талап етеді. Олар С.А.-ға бұрын К.М. қарызға ақша бергенін айтады.

Жігіттер үйден кеткеннен кейін де телефон арқылы қоқан-лоқы жасауды жалғастырған. Борышкерді тауға апарып, басқаша сөйлесетінін айтып бірнеше рет қорқытады.

Осыдан бір күн бұрын ІІМ ТЖК 2-басқармасы қызметкерлері Бішкек қалалық ішкі істер басқармасының арнайы операциялар жасағымен бірлесіп, екі күтіктіні ұстады. Олар - Түп ауданының тумасы, 1992 жылы туған М.А. және Қазақстан тумасы, 1991 жылы туған Ц.Р. Екеуі де Бішкек қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталғандардың бірі - грек-рим күресі және Қырғызстанның қазіргі чемпионы Роман Царев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер