Футбол деген бір ғажап!
Әлем футболы

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Кімдер қатысады, қайда, қашан өтеді

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Кімдер қатысады, қайда, қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

2021 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты Катардағы үш стадионда өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Турнирге жылдағыдай әр құрлықтың чемпиондары және жарысты қабылдаушы елдің клубы қатысады.

Биылғы турнирге қатысатын жеті команданың алтауы анықталды. Соңғы қатысушы қаңтардың соңында Либертадорес кубогы финалының қорытындысы бойынша белгілі болады. Клубтық әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы - англиялық «Ливерпуль».

Сонымен биыл қай командалар бақ сынайды?

«Бавария» (Германия, UEFA Чемпиондар лигасының жеңімпазы),
«Аль-Ахли» (Египет, CAF Чемпиондар лигасының жеңімпазы),
«Тигрес» (Мексика, CONCACAF Чемпиондар лигасының жеңімпазы),
«Ульсан Хендэ» (Оңтүстік Корея, AFC Чемпиондар лигасының жеңімпазы),
«Окленд Сити» (Жаңа Зеландия, OFC Чемпиондар лигасының жеңімпазы),
«Аль-Духаиль» (Катар, турнир қожайыны),
Және Либертадорос кубогының жеңімпазы (қаңтарда анықталады).

Турнирдің жеребе тарту рәсімі 19 қаңтарда Цюрихте өтеді.

Турнир қайда өтеді?

Турнир Катарда өтеді. Барлық жеті матчты үш стадион: «Ахмад бин Али», «Эдьюкейшн Сити» және «Халифа» қабылдайды.

Қашан өтеді?

Турнирдің алғашқы матчы 1 ақпанда 2020 жылы 18 желтоқсанда қайта жаңартудан кейін ашылған «Ахмад бин Али» стадионында өтеді. Финалдық кездесу 11 ақпанда «Эдьюкейшн Сити» стадионында өтеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, клубтар арасындағы әлем чемпионатының ойындары «Халифа» стадионында да өтеді.

Аталған үш арена да 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының матчтарын қабылдайды.

Айта кетейік, клубтар арасындағы әлем чемпионатының келесі кезектен бастап жаңа форматта өтеді. Турнирге жеті команданың орнына 24 команда қатысады, жарыс Конфедерация кубогының орнына төрт жылда бір рет өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер