Басқа

Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты жеңілдетіледі

Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты жеңілдетіледі
news-banner7
mobile-news-top

2020 жылғы Токио Олимпиадасының ашылу және жабылу салтанаты коронавирус пандемиясына байланысты жеңілдетілген форматта өтеді. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми сайты хабарлады.

«Ашылу және жабылу салтанаты жанкүйерлер мен спортшылар үшін үлкен мереке болып қала бермек. Алайда, аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін біраз жеңілдетеміз. Бұл COVID-19 індетінің алдын алу шаралары үшін қажет», - делінген хабарламада.

Салтанатты рәсімдерді ұйымдастыру жаңа шығармашылық топқа тапсырылды. Олар шектеулі уақыт ішінде тез әрі тиімді дайындалуға мүмкіндік алған. Ұйымдастырушы топ алдында салтанатты рәсім кезінде әлемдегі індетпен күресті бейнелеу міндеті де тұр.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына ғаламдық пандемияға байланысты 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына ауыстырылды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер