Күрес

UWW Олимпиадаға жолдама беретін турнирлер тізімін жариялады

UWW Олимпиадаға жолдама беретін турнирлер тізімін жариялады
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2021 жылға арналған күнтізбеге өзгеріс енгізді. Азия чемпионаты мен Азия аймақтық іріктеу турнирі Алматыда өтетінін хабарлаған болатынбыз. Балуандардың одан бөлек қандай лицензиялық турнирлерде бақ сынайтыны белгілі болды деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Алдағы маусым наурыз айында басталады. Қазақстандық балуандар үшін төмендегі жарыстар тізбегі маңызды болмақ:

Matteo Pellicone іріктеу турнирі, 4-7 наурыз (Рим, Италия)

Азия аймақтық іріктеу турнирі, 9-11 сәуір (Алматы, Қазақстан)

Азия чемпионаты, 12-17 сәуір (Алматы, Қазақстан)

Олимпиадаға әлемдік іріктеу турнирі, 6-9 мамыр (София, Болгария)

Poland Open рейтингілік турнирі, 8-13 маусым (Варшава, Польша)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер